«Qazsport» телеарнасы бүгін Еуропа лигасының екі матчын тікелей эфирде көрсетеді.

Бүгін түнде УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финал матчтары басталады. Қазақстандықтар екі ойынды тамашалай алады.

Астана уақытымен 23:50-де италиялық «Милан» мен англиялық «Арсенал» матчының трансляциясы басталады. Ал 02:00-де италиялық «Лацио» мен украиналық «Динамо» кездесуін тікелей эфирде қарауға болады.