Франция ақпарат құралдары Марио Балотеллидің Италия ұлттық құрамасына қайта оралуы мүмкін екенін жарыса жазуда.

2012 жылы Еуропа чемпионатында Италия құрамасын өрге сүйреген Марио соңғы кездері өз елінің бас командасына мүлде шақыртылмай жүр. Ол соңғы рет 2014 жылы Италия құрамасының жейдесінде өнер көрсетті. Содан бері ұлттық құрама баперлерінің назарын өзіне аудара алмай келеді.

Өткен жылы Францияның «Ницца» командасына ауысқалы Балотелли бабына келе бастады. Биыл 30 ойында алаңға шығып, еншісіне 22 гол жазды.

Супер Марионың ойын өрнегі түзелгенін көрген жанкүйерлер оны ұлттық құрамаға қайта шақыруды талап етіп отыр.