«Челсидің» бапкері Антонио Конте франциялық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін.

L'Équipe ақпаратына сүйенсек, италиялық маман ПСЖ басшылығымен келіссөз жүргізген.

Париждік команда осы жазда Унаи Эмериді орнынан босатпақ. Себебі команда басшыларына ПСЖ-ның Чемпиондар лигасынан тым ертең ұшып кеткені ұнамаған. Эмери шәкірттері 1/8 финалда «Реалдан» ұтылып қалған болатын.