25 жастағы жартылай қорғаушы Шерхан Бауыржан Бірінші лигада бақ сынайтын «Екібастұз» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды отандық басылымдар.Бір кездері өте талантты футболшы деп бағаланған Шерхан Премьер лигада «Қайрат» сапында 10 ойында, «Шахтёр» сапында 9 кездесуде, «Тараз» командасында 49 ойында алаңға шығып, 2 гол соққан.Жанбай жатып сөнген жас ойыншы енді төменгі лигада өнер көрсететін болады.