Армения ұлттық құрамасы 24 және 27 наурыз күндері өтетін Эстония мен Литваға қарсы жолдастық кездесуге шақырту алған футболшылар тізімін жариялады.Аталған тізімде Қазақстан Премьер лигасында доп тебетін үш ойыншының есімі бар. Атап айтар болсақ, талдықорғандық «Жетісу» командасында өнер көрсететін Эдгар Малакян мен Камо Оганнисян және «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Маркос Пиззелли.