28 жастағы жартылай қорғаушы Тимур Досмағамбетов «Ордабасыға» ауысты.

Шымкенттік клубпен келісімшарт 2018 жылғы маусымның соңына дейін жасалды.

Өткен маусымда Досмағамбетов көкшетаулық «Оқжетпес» сапында ойнаған. Бұл клубта 30 матч өткізіп, 4 голдың авторы атанды.