Достар, тамаша жаңалық! Қазақстан Премьер-Лигасының жаңа маусымының басталуымен Beautiful Football жаңа жобаны қолға алды.

Енді, сіз, құрметті оқырман, ҚПЛ-дың әрбір турында ойындарға болжам жасау арқылы ұтысқа ие бола аласыз. Жоба 11-ші наурыз күні ел біріншілігінің 1-ші турымен бірге басталады.

Болжам жасау мысалы:

Рысдаулет Айбар

Жетісу – Тобыл 0:0

Ордабасы - Шахтер 2:0

Қайрат – Қызыл-Жар СК 3:1

Ертіс – Атырау 1:1

Қайсар – Ақтөбе 1:0

Астана – Ақжайық 2:0

*Ескерту: Міндетті түрде барлық ойынға болжам жасау қажет

Әрбір дәл есепке 3 ұпай, ойын нәтижесін тура тапқаны үшін 2 ұпай, ал доп айырмашылығын тапқанға 1 ұпай беріліп отырады. Максималды ұпай саны - 18. Жеңімпаз ең көп ұпай жинаған ойыншы болады (кем дегенде 10 ұпай жинау қажет).

Жарыс қорытындысы 1-ші тур аяқталысымен 1-2 сағатта жарияланады. Жеңімпаз 1000 теңгеге ие болады.

1 тур

11 наурыз, жексенбі

Жетісу – Тобыл

Ордабасы - Шахтер

Қайрат – Қызыл-Жар СК

Ертіс – Атырау

Қайсар – Ақтөбе

Астана – Ақжайық