«Астана» 11 наурыз күні оралдық «Ақжайық» командасына қарсы Қазақстан Премьер-Лигасындағы алғашқы кездесуін өткізеді.

Осы матчқа билет сатып алу күніне және трибунадағы секторға байланысты 375 теңге мен 1000 теңге аралығында болады.

Бұл матчқа баға саясаты төмендегідей:

«Жұмсақ» орындар (W3-W7) 1000 теңге

1 санат (W3-W7, E3-E7) 700 теңге

Барлық басқа орындардың құны 500 теңге.

Бірақ бұл бағалар матч күні ғана жарамды болады, ойын күніне дейін 25% жеңілдік қолданылады.

Сондай-ақ, ҚПЛ және Қазақстан Кубогының барлық матчтарын қарсыласқа байланысты 3-санатқа бөлу туралы шешім қабылданды:

1 деңгей – «Қайратқа» қарсы кездесу. Билет құны 500 бен 1500 теңге аралығы.

2 деңгей – «Ақтөбе», «Тобыл», «Шахтер», «Ертіс» және «Ордабасы» командаларына қарсы кездесулер. Билет құны 500 бен 1200 теңге аралығы.

3 деңгей – «Ақжайық», «Атырау», «Жетісу», «Қайсар», «Қызыл-Жар СК» командаларына қарсы кездесулер. Билет құны 500 бен 1000 теңге аралығы.

Бірақ, билетті алдын-ала сатып алған кезде арнайы жеңілдіктер бар - матчқа дейін бір апта бұрын сатып алғандарға 50% (алдын-ала сату басталған жағдайда), матч алдындағы күннің алдында сатып алғандарға 25% жеңілдік.

Сондай-ақ, CIP-BOX билеттері сатылымға шығады: 1 орын – 5000 теңге, 12 орын (1 бокс) – 50 000 теңге.