2018 жылдың 3-7 наурызы аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Жақсы» спорт кешенінде әйелдер арасында бокстан «ЕСШ М.Вольнованың жүлделеріне арналған ТМД елдерінің ашық кубогы» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды бокс федерациясының ресми сайты.

Аталмыш турнирге Вьетнам, Үндістан, Украина, Ресей, Қырғызстан, Қытай Тайбэйі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы қатысады.

Спортшылар 10 салмақ дәрежесінде додаға түседі: 48, 51, 54, 57, 60, 64, 69, 75, 81 және +81 келі.

Турнирдің ұйымдастырушылары Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және Қазақстандық бокс федерациясы болып табылады.
Салтанатты ашылуы 3 наурызда сағат 16.00-де өтеді. Ашылу рәсіміне Сидней Олимпиадасының чемпионы – Ибраимов Ермахан Сағиұлы, Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнова, әлем чемпионы Валерий Рачков және басқа да құрметті қонақтар атсалысады.
Турнир бағдарламасы:
2 наурыз:
Делегацияның келуі
20:00 – техникалық жиналыс
3 наурыз
08:00 – 10:00 – медициналық тексеру, негізгі салмақ өлшеу
11.00 – ресми жеребе салу
15:00 – алдын ала-жекпе-жектер
16:00 – 16:30 – ашылу салтанаты
16:30 – алдын ала-жекпе-жектер
4 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
15:00 – алдын ала-жекпе-жектер
19:00 – алдын ала-жекпе-жектер
5 наурыз
08:00 – 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
14:00 – ширек финал
18:00 – ширек финалдар
6 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
14:00 – жартылай финал
18:00 – жартылай финал
7 наурыз
08:00 - 09:00 – медициналық тексеру, салмақ өлшеу
11:00 – ақтық сын
18:00 – делегациялардың кетуі.