Кәсіпқой боксшы Сауль Альварес кіші Флойд Мейвезердің ережесіз жекпе-жекте өнер көрсетуі мүмкін деген сыбысқа қатысты пікірін білдірді.
«Флойдтың не ойлап жүргенін біле алмайсың. Сондықтан ол ережесіз жекпе-жекке де шығуы мүмкін. Бірақ менің шаруам жоқ. Октоганда Мейвезерге қарағанда менің мүмкіндігім көп дейсіз бе? Білмеймін. Біз оны ешқашан білмей кететін шығармыз. Өйткені, мен бокстан басқа спорт түріне ешқашан ауыспаймын. Себебі, мен боксты сыйлаймын», - деді Альварес FighSpace басылымына.