Оңтүстік Корея жерінде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы жеңімпаз анықталды.

Ресей Олимпиада атлеттері атынан сынға түскен Алина Загитова өзінің үздік өнерін көрсетіп алтыннан алқа тақты. Екінші орында Алинаның отандасы Евгения Медведева. Қола жүлде канадалық мәнерлеп сырғанаушы Кейтлин Осмондтың қоржынында кетті.