Prosports.kz назарларыңызға сейсенбі, 20 ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынады.Ертең Пхенчхан төріндегі отандастарымыз екі спорт түрінен ел намысын қорғайды. Түс ауа шорт-трекші қыз-жігіттеріміз мұз айдынында өнерлерін көрсетеді. Бұнда командамыздың ту ұстаушысы Абзал Әжғалиев пен еліміз атынан бақ сынайтын кәріс қызы Йонг А Кимдан үлкен үміт күтетінімізді жасырмаймыз.Бұлардан бөлек биатлоншыларымыз да бізді қуантады деп ойлаймыз.

Биатлон17:15 Аралас эстфета

Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Роман Еремин, Максим Браун

Шорт-трек 16:00 Әйелдер, 1000 метр. Іріктеу кезеңдері Анастасия Крестова, Йонг А Ким 16:45 Ерлер 500 метр. Іріктеу кезеңдері Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев