WADA өкілдері Пхенчхандағы ресейлік спортшыларды қатаң бақылауға алды, деп хабарлайды ресейлік басылымдар.

Бүгін мәнерлеп сырғанаудан 15 жасар ресейлік спортшы Алина Загитованы допинг-офицерлер жаттығу үстінен тексеріске алып кетті. Нәтижесінде, жас спортшы жүйке тоздырар жағдайға тап болғандықтан зәрін тапсыра алмаған.

Естеріңізге салайық, кеше ресейлік керлингші Крущельницкидің допинг-сынамасынан мельдоний іздері табылған болатын.