2018 жылы наурыздың 9-14 аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Паралимпиада ойындары өтеді. Ел құрамасының дайындығы мен спортшыларымыздың бабы туралы Ұлттық Паралимпиада комитетінің қысқы спорт түрлері жөніндегі сарапшысы Рауан Сәтжановтан айтып берді.Рауан мырза, спортшылардың дайындығы жөнінде айта кетсеңіз...Олардың дайындығы 2 жыл бұрын басталды. Содан кейін бірінші халықаралық оқу-жаттығу жиыны өткен жылы маусым айының соңында болды және екінші дәл осындай жиын биыл қаңтар айында Германияда өтті. Сондай-ақ, жазда спортшылар түгел медициналық тексеруден өтті. Ал қазір Паралимпиада ойындары алдындағы 3 апталық жаттығу Алматыда өтіп жатыр.Ұлттық құрамада қысқы спорт түрінен қанша спортшы бар?Бүгінде Ұлттық құрамада 15 шақты спортшы бар. 7-8 спортшы қазір толық дайын деп айта аламын. Олардың орташа жасы – 27-40 аралығында. Басқа елдермен салыстырғанда да, бұл – жақсы көрсеткіш. Өйткені, әлем бойынша 25-35 жас аралығындағы спортшылар жарысып жүр. Бізде тағы жас спортшылар бар.

Спортшылардың көңіл-күйі, жеңіске деген құлшынысы жөнінде айтып берсеңіз... Қазір олардың мотивациясы жақсы. Ұлттық Паралимпиада құрамасының капитаны Колядин Александр деген спортшымыз бар. Оның жасы 40-тан асқан. Команданы да ерекше күшпен, рухпен алып келеді. Александр Сочидегі ойындарға қатысты. Сондықтан ол Паралимпиаданың маңыздылығын, оған іштей қалай дайындалу керектігін біледі. Енді осы Паралимпиададан қандай жетістік күтеміз? Қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандықтар жалпы командалық есепте бесінші орынға тұрақтаса да, біз үшін үлкен жетістік. Себебі, бұл спорттан енді-енді халықаралық жарыстарға шығып, өзіміздің алға қойып келген жоспарымызды кезең-кезеңімен орындап жатырмыз. Шаңғымен жарыс, биатлоннан спортшыларымыз алып кете алады.

Сұхбаттасқан: Рахиля Бекназарқызы

baq.kz