Бүгін Пхенчхан олимпиадасында ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудың жекелей сындарының жеребесі тартылды, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.

Жеребе нәтижесі бойынша, қазақстандық атлет Денис Тен бірінші топта 4-ші болып мұзға шығады. Ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудың жекелей сындары 16 ақпан күні Астана уақытымен сағат таңғы 7:00-де басталады.

Отандасымыз Денис Тен 4-ші нөмер болғандықтан сағат 7:27-де өнер көрсететін болады.