Olympic Channel телеарнасы көп сериялы «Game-Breakers» жобасы аясында Денис Тен туралы түсірілген деректі фильмін жариялады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Фильмнің алғашқы эпизоды қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының жеке мұрағатындағы кішкентай кезіндегі бейнероликтерінің үзінділерімен басталып, спорттағы жолы, мұз айдыннан тыс өмірі, Қазақстанның әлемдік мәнерлеп сырғанау картасындағы орны туралы айтылады.

Фильмді мына сілтеме арқылы көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тен Пхенчхан Олимпиадасында 16 ақпан күні мәнерлерп сырғанаудың жекелей сыны бойынша өнер көрсетеді.