Әзірбайжандық «Карабахтың» бұрынғы шабуылшысы қазір «Ақтөбе» сапында байқауда жүр.

Azerisport.com ақпаратына сүйенсек, Рейналдо маусымның бірінші жартысын клубсыз өткізген. Осы қысқы трансферде ол словакиялық «Спартакпен» келісімшартқа отырған болатын, алайда бір ай өтпей жатып, қос тарап еңбек келісімін үзді.

2015/16 жылғы маусымда бразилиялық Рейналдо «Карабах» сапында Еуропа лигасының топтық кезеңінде швейцариялық «Янг Бойздың» қақпасына гол соқты.