Павлодарлық құраманың оқу-жаттығу жиындары ақпанның 14 мен 28 аралығында Белек қаласында өтеді.

Бапкерлер 4 кездесу матчтарын жоспарлап отыр. Осы орайда, 21 ақпан күні павлодарлықтар «Кубань» ФК қарсы ойнайтындығы белгілі. Ресейдің көне клубтарының бірі ресми түрде өз келісімдерін берді. Өзге қарсыластар жақын арада анықталады.

Айта кету керек, Түркиядағы осы жолғы дайындық, жерлестеріміз үшін соңғы жаттығу жиындары болмақ. 11 наурыз күні ҚПЛ-ың жаңа футбол маусымы басталады. Бірінші турда «Ертіс» өз алаңында, «Атырау» ФК қабылдайды.