Төрткүл дүние асыға күткен сәт те келіп жетті. Ұйымдастырушылар бұрын-соңды болмаған шоу өтетіндігіне уәде берген болатын. Сондықтан бағдарлама барысын соңғы сәтке дейін құпия ұстап келді.

Басты ерекшелік мынада:

Дүбірлі додаға қатысатын 92 ел корей әліпбиіне сай таныстырылды. Олардың арасында көк туымызды Абзал Әжіғалиев ұстап шыққан Қазақстан құрамасы да бар.