Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ХХIII қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды.

Ашылу салтанатының дәстүрлі парадында Қазақстан құрамасы спортшылары да жүріп өтті.

Олимпиада алауын тұтату құрметі мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының алтыны мен күмісін жеңіп алған Ким Ёнаға бұйырды. Ал оған Олимпиада алауын Оңтүстік және Солтүстік Кореяның хоккейші қыздары әкеліп берді.