«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Алексис Санчес 16 айға сотталды, бірақ ол жазасын түрмеде өтемейді.

Чилилік ойыншы 2012-13 жылғы маусымда «Барселона» сапында ойнап жүргенде салық төлеуден жалтарған кінәсін мойындады.

Санчес Испанияның бас прокуратурасымен мәмілеге келген, ол 890 мың фунт (1 млн еуроға жуық) айыппұл төлейді.