Англиялық «Ливерпульдің» бұрынғы футболшысы Эль Хаджи Диуф Сенегал президенті болу үшін сайлауға түсетінін мәлімдеді.

«Енді саясатпен айналысамын деп шештім, себебі мен елдегі кей нәрселерді өзгерте аламын деп күтетіндер бар. Мен бұған дайынмын. Алдағы екі жылда мен саясаткер боламын. Осылайша, футболда да көп нәрсе өзгерте аламын», - деді Диуф.

Диуф өз мансабында «Ренн», «Ливерпуль», «Болтон», «Сандерленд», «Блэкберн», «Глазго Рэйнджерс» пен «Лидс Юнайтед» командаларының намысын қорғаған.