Аргентиналық атақты футболшы Лионель Мессидің бүгінде екі баласы бар. Үлкені Тьяго бес жаста. Ал кішісі Матео Месси екі жаста.Месси өткен жылы екі баласының анасы Антонелламен бас құраған болатын. Футболшы жақында әлеуметтік парақшасында үшінші баласының болатынын жариялады.Лео үшінші баласына қандай есім беретінін де ойластырып қойыпты. Ол жақында дүниеге келетін сәбиді Ciro деп атамақшы көрінеді.Ciro - Грек тілінде күн деген мағына берсе, Парсы тілінде патша деген мәні бар сөз екен.