20 қаңтар күні Өскеменде қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан IV халықаралық турнир өтті.

60 метрге жүгіруден әйелдер арасында Виктория Зябкина осымен төртінші жыл қатарынан бұл турнирдің жеңімпазы атанды. Бұған дейін Қазақстан кубогы мен чемпионатында Зябкинаның алдын орап кеткен Рима Кашафутдинова демалыс алған екен.

Финалдық кезеңде төрт елдің спортшылары жүгірді. Қазақстаннан бөлек, Армения, Әзербайжан, Қырғызстан атлеті бар. Екінші орын әзербайжандық Закия Хасановаға бұйырды. Ол өз елінің жабық кешендегі рекордын жаңартты. Үштікте қырғызстандық Анна Буланова бар.

Ал 400 метрге жүгіруден Элина Михина турнирдің жаңа рекорын орнатты. Уақыт көрсеткіші –53.29 секунд. Ол 2018 жылғы әлем чемпионатының нормативін (53.15 сек) орындауға жақын болды. Күміс жүлде Светлана Голендованың еншісінде. Қола жүлдеге Аделина Ахметова қол жеткізді.

Тосқауылдар арқылы жүгіруден Әйгерім Шыназбековаға тең келер ешкім болмады. Бұған дейін екі жарыста үздік шыққан Әйгерім Рыпакова турнирінде 60 метрді 8.38 секундта жүгіріп өтті.

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс. 20 қаңтар.

60 метрге жүгіру ерлер:

1.Джамалдин Мусаев (Қырғызстан) – 6.87

2. Вячеслав Земс (Қазақстан) – 6.92

3. Али Магомедгаджиев (Қырғызстан) – 6.93.

60 метрге жүгіру, әйелдер:

1. Виктория Зябкина (Қазақстан) – 7,45

2. Закия Хасанова (Әзербайжан) – 7,48

3. Анна Буланова (Қырғызстан) – 7,55.

400 метрге жүгіру, әйелдер:

1. Элина Михина (Қазақстан) – 53,29

2. Светлана Голендова (Қазақстан) – 53,66

3. Аделина Ахметова (Қазақстан) – 56,62.

400 метрге жүгіру, ерлер:

1. Виталий Бутрым (Украина) – 46.90

2. Андрей Соколов (Қазақстан) –48.00

3. Давид Ефремов (Қазақстан) – 48.50

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру:

1. Әйгерім Шыназбекова (Қазақстан) – 8,38

2. Роксана Оспанова (Қазақстан) – 8,83

3. Орынгуль Зкриенова (Қазақстан) – 8,86.

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, ерлер:

1.Вячеслав Земс (Қазақстан) – 8.03

2. Виталий Лиценбергер (Қазақстан) – 8.27

3. Владислав Кондратьев – 8.39.

800 метрге жүгіру, ерлер:

1. Одилшох Исматов (Тәжікстан) –1:51.80

2. Мұсылман Жоломанов (Қырғызстан) – 1:52.75

3. Игорь Кондратьев (Қазақстан) – 1.53.00