Өскемен қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жабық кешендегі IV халықаралық турнирде жаңа рекорд тіркелді, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Биіктікке секіру сайысында әйелдер арасында семейлік Надежда Дубовицкаяға қарсылас табылмады. Ол турнирдің жаңа рекордын орнатты – 1.84 метр. Дубовицкая кейіннен 1.88 метрге тапсырыс бергенімен, бұл биіктікті бағындыра алмады.

Ал ерлер арасында негізгі бәсекелестік алматылық Роман Лошкарев пен спортқа қайта оралған Сергей Засимович (ШҚО) арасында өрбіді. Қазақстан чемпионатында да дәл солай болған. Екеуі де соңына дейін бас жүлдеден үмітті болған. Жеңімпаз тек қосымша көрсеткіштер бойынша анықталды. Әйтпесе, екеуі де жарысты 2.08 метрмен аяқтады.

Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыс. 20 қаңтар. Биіктікке секіру, ерлер:

1. Роман Лошкарев (Қазақстан) – 2.08;

2. Сергей Засимович (Қазақстан) – 2.08;

3. Антон Боднар (Қазақстан) – 2.04.

Биіктікке секіру, әйелдер:

1. Надежда Дубовицкая (Қазақстан) – 1,84 м

2. Елизавета Матвеева (Қазақстан) – 1,75 м +

3. Александра Кривицкая (Қазақстан) – 1,75 м.