Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Иран астанасы Тегеранда өтетін жабық кешендегі Азия чемпионатына қатысатын құраманың толық тізімін жариялады, деп хабарлайды аталған федерацияның ресми сайты.
Азия чемпионаты 1-3 ақпан аралығында өтеді. Құрама сапында 25 спортшы бар (10 ер, 12 әйел). Өскемен қаласында өткен Қазақстан кубогының бірінші кезеңі (10-11 қаңтар) мен Қазақстан чемпионатының (15-16 қаңтар) нәтижесіне сәйкес, құрама жасақталды.
2017 жылы Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарында жүлде алған бес спортшы Тегеранда да ел намысын қорғайды. Олар – Виктория Зябкина, Элина Михина, Иван Иванов, Мария Овчинникова, Михаил Литин.
Ерлер:
1. Владислав Григорьев (Қарағанды облысы, 1997) – 60 метрге жүгіру;2. Виталий Земс (Қарағанды облысы, 1996) – 60 метрге жүгіру;
3. Михаил Литвин (СҚО, 1996) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;
4. Дмитрий Коблов (ОҚО, 1992) – 4х400 метрлік эстафета;
5. Игорь Кондратьев (Павлодар облысы 1991) – 4 по 400 метров;
6. Андрей Соколов (Алматы, 1995) – 4х400 метрлік эстафета;
7. Сергей Зайков (Павлодар, 1987) –800 метрге жүгіру
8. Вячеслав Земс (Қарағанды облысы, 1998) – 60 метрге тосқауыл арқылы жүгіру;
9. Роман Лошкарев (Алматы, 1996) – биіктікке секіру;
10. Никита Филиппов (Алматы, 1991) – сырықпен секіру;
11. Даниил Полянский (Қарағанды облысы, 1991) – сырықпен секіру;
12. Иван Иванов (Алматы облысы, 1992) – ядро серпу;
Әйелдер:
13. Виктория Зябкина (Алматы, 1992) – 60 метр, 4х400 метрлік эстафета;
14. Рима Кашафутдинова (Қарағанды облысы, 1995) – 60 метрлік жүгіру;
15. Элина Михина (ШҚО, 1994) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;
16. Светлана Голендова (Жамбыл облысы, 1993) – 400 метр, 4х400 метрлік эстафета;
17. Любовь Ушакова (Қарағанды облысы, 1997) – 4 х400 метрлік эстафета;
18. Аделина Ахметова (Қарағанды, 1999) – 4 х400 метрлік эстафета;
19. Татьяна Нерознак (Қостанай облысы, 1989) – 1500 метрге жүгіру;
20. Әйгерім Шыназбекова (Алматы, 1992) – 60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру;
21. Надежда Дубовицкая (ШҚО, 1998) – биіктікке секіру;
22. Анастасия Ермакова (Алматы, 2000) – сырықпен секіру;
23. Ирина Эктова (СҚО, 1987) – үш қарғып секіру;
24. Мария Овчинникова (Қарағанды облысы, 1998) – үш қарғып секіру;+
25. Надежда Кирнос (Маңғыстау облысы, 1994) – бессайыс.
Комментарии