Аризонадағы ультрамарафонның ұйымдастырушылары стайер Келли Эгнюды жеңімпаз атанғанына қарамастан жарыстан шеттеті, деп хабарлайды prosports.kz Marathon Investigation-ге сілтеме жасап.

Басылымның мәлімдеуінше, Келли Эгню жарыс жолын жүгіріп өту барысында биотуалетте тығылып құйтырқы әрекетке барған. Ол жарыс жолын жүгіріп өтетін арнайы схема дайындаған. Әр айналымнан кейін бастапқы мәрені ғана жүгіріп отырып, кейін қайта биотуалетке тығылған. Ал ереженің бұзылуын нәтижені тіркеуші төреші көрген.

Айта кететін жайт, спортшы 2014/15 жылғы маусымда осы марафонның жеңімпазы атанған. Бұл жағдайдан кейін Эгнюдің нәтижесі жойылып, жеңіл атлет спорттан өмір бойына шеттетілді.

«Across the Year» марафонының ережесі бойынша спортшы белгілі бір уақытта барынша ұзақ қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс. 24, 48, 72 сағат немесе алты күнде ең көп қашықтық бағындырған адам жеңімпаз саналады.