Бүгін Аустрияның Тауплиц қаласында шаңғымен трамплиннен секіруден әлем кубогының кезеңі өтеді.

Аталмыш жарыста Қазақстан намысын Марат Жапаров қорғайды. Отандасымыз сайысты іріктеу кезеңнен бастайды. Іріктеу кезең Астана уақытымен сағат 17:30-да басталады. Артынша, екі сағаттан кейін финалдық бәсеке өтеді.