Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан әлем кубогының бесінші кезеңінде әйелдер арасында эстафета өтті.

Эстафетаны Германия құрамасы жеңді. Екінші орынды Италия құрамасы иеленсе, үздік үштікті Швеция ұжымы түйіндеді.

Қазақстан құрамасы жарысты 14-і орында аяқтады. Ел намысын бұл сайыста Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова мен Дарья Климина қорғады.

Биатлоннан әлем кубогының V кезеңі, Рупольдинг, Германия

Әйелдер

Эстафета, 4х6 шақырым

1. Германия - 1:08:47.02. Италия - +2.9 3. Швеция - +17.2

14. Қазақстан - +3:15.6