Бүкіләлемдік бокс кеңесі(WBC) Қазақстандық Геннадий Головкин мен Мексика боксшысы Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек жайлы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBC-дің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында кездесу 2018 жылдың 5 мамырында өтеді деп жазылған. Бірақ, бокс кешінің өтетін жері көрсетілмеген.

Естеріңізде болса былтыр 17 қыркүйекте өткен кездесуде екі боксшы бір-бірін жеңе алмаған еді.