Қазақстандық былғары қолғап шебері Айдос Ербосынұлы орта салмақта WBA Asia чемпиондық белбеуі үшін өзбекстандық Улугбек Хакбердиевпен жекпе-жек өткізеді.

Кездесу 23 ақпан күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.