Түркиялық Canturk Haber сайтының хабарлауынша, ганалық Патрик Твумаси түркиялық «Бурсаспор» клубына ауысты.

Дереккөздің айтуынша, футболшы екі тараптың келісімі бойынша 1,5 миллион еуроға ауысты. Түркиялық клуб бірінші 750 мың еуро, ал кейін 375 мың еуродан екі бөліп елордалық клубтың есепшотына аудармақ. Твумасидің жалақысына келсек, «Бурсаспор» осы маусым соңына дейін оған 450 мың еуро төлеп тұрады. Жаңа маусым басында ганалықтың айлығы 1 миллион еуроны құрайды.

Естеріңізге салайық, «Бурсаспордан» бөлек Твумасиге «Кан», «Гезтепе», «Штутгартом», «Гамбург», «Спартаком», «Селтик» клубтары қызығушылық танытуда.