«Арсеналдың» шабуылшысы Алексис Санчес лондондық клубпен жаңа келісімге отырудан бас тартуда.

Бұған дейін The Times басылымы чилилік қаңтар айында «Манчестер Ситиге» ауысады, деп хабарлаған болатын. Сол ақпарат шындыққа жанасқан көрінеді. Англиялық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бүгін Алексис Санчес «Арсенал» сапында соңғы ойынын өткізеді. Ал ертең чилилік «Манчестер Сити» клубына ауысады.