Лондондық «Челси» қорғаушысы Давид Луис «Реал» клубымен келіссөз жүргізуде.

Бразилиялық қорғаушы «патшалық» клуб қатарына 2018-жылдың қысында ауысуды жоспарлап отыр. Давид Луистің «Челси» клубынан кетуіне басты себеп бас бапкер Антонио Контемен арадағы кикілжің болып отыр.

Ертеректе қорғаушы Давид Луисқа «Манчестер Юнайтед»клубы тарапынан қызығушылық бар екендігі хабарланған болатын.