Азия ойындарының жүлдегері, Сочи Олимпиадасына қатысқан Абзал Ажғалиев Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шығады. «Біздің спортшылар Олимпиада ойындарына 50-ден астам лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда спорттың 4 түрінен 33 лицензия бар. 10 жолдаманы биатлоншылар, 10-ын шорт-трек, 3-ін мәнерлер сырғанау, және 10 лиценцияны конькимен жүгірушілер иеленді. Олимпиаданың ашылу салтанатында қазақтың туын Абжал Ажғалиев көтеріп шығады», - деді спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев.

Еске салайық, Пхёнчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9 мен 25 аралығында өтеді.