Абзал Ажғалиев Олимпиадада қазақтың туын ұстап шығады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАзия ойындарының жүлдегері, Сочи Олимпиадасына қатысқан Абзал Ажғалиев Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан туын ұстап шығады.
«Біздің спортшылар Олимпиада ойындарына 50-ден астам лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда спорттың 4 түрінен 33 лицензия бар. 10 жолдаманы биатлоншылар, 10-ын шорт-трек, 3-ін мәнерлер сырғанау, және 10 лиценцияны конькимен жүгірушілер иеленді. Олимпиаданың ашылу салтанатында қазақтың туын Абжал Ажғалиев көтеріп шығады», - деді спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев.
Еске салайық, Пхёнчхандағы қысқы Олимпиада ойындары ақпанның 9 мен 25 аралығында өтеді.