Америкалық орта салмақтағы боксшы, бұрынғы әлем чемпионы Девон Александердың ағасы Вон Александер (11-0, 8 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) айқасқысы келеді деп хабарлайды отандық басылымдар.

2004 жылы Вон жақсы проспект саналған. Алайда, қарулы шабуыл үшін абақтыға қамалып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған. 2015 жылы боксшы мансабын қайта бастап, алты жеңісті кездесу өткізген.

«Осы уақыт бойы мен оралатынымды білдім. Енді мен уақытмыды бос жібергім келмейді. Залда жаттығып, кезекті жекпе-жегімді күтудемін. Менің жоспарым – әлем чемпионы атану. Сол себепті Головкинмен, Чарломен жұдырықтасқым келеді... Мен ашпын. Мен боксты сағындым», — деді Вон Prodigy of Boxing Talk басылымына берген сұхбатында.

Дереккөз: sports.kz