Қытайда өткен кәсіпқой бокс кешінде «Қазақ жауынгері» Елхат Ниғметола шаршы алаңға шықты.

Аса жеңіл салмақта Елхат индонезиялық Икал Тобидаға қарсы жекпе-жек өткізді.

Айта кетейік, «Қазақ жауынгері» лақап атымен өнер көрсететін Елхат Ниғметоллы Қанат Исламның жерлесі саналады. Екеуі де Синьцзян провинциясы, Іле-Қазақ автономды округіндегі Алтайда дүниеге келген.