Алматыда өткен Әлем біріншілігнде қарсылас шыдатпай чемпион атанған Жәнібек Әлімханұлы Қазақстан ұлттық құрамасындағы мансабына нүкте қойғанға ұқсайды. Бұл туралы ұлттық құрама бапкері айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

«Ішкі біріншілікте жоғары нәтиже көрсетпесе де біз Жәнібекті құрамаға алған едік. Алайда, ол ұлттық құрамадағы мансабын аяқтауды жөн санады. Оған не себеп болғанын өзінен басқа ешкім білмейді. Қатарымыздан осындай тәжірибелі боксшының кеткендігі өкінішті, әрине»,- дейді бас бапкер Мырзағали Айтжанов. Ұлттық құрамадан кететіндігін айтқан Жәнібектің алдағы жоспары әзірше бізге беймәлім.