«Барыстың» ҚХЛ-дағы басты бәсекелестері хаваровскілік «Амур» мен новосібірлік «Сибирь» клубтары өз матчтарында жеңіліп қалды.

«Амур» өз айдынынга «Юграға» 1:2 есебімен жол берді, ал «Сибирь» қытайлық «Куньлунь Ред Старға» қонаққа барып, 4:7 есебімен ұтылып қайтты.

«Амур» мен «Сибирь» «Барыстың» плэй-офф кезеңіне шығу жолындағы басты қарсыластары саналады.

Бұл ойындардан кейін турнир кестесі мынадай:

8-ші орын. «Сибирь» - 49 матч, 70 ұпай;

9-шы орын. «Амур» - 47 матч, 69 ұпай;

10-шы орын. «Барыс» - 48 матч, 63 ұпай.