Халықаралық хоккей федерациясы кеңесінің мүшесі әрі әйелдер хоккейі ұйымы комитетінің басшысы Сюзанна Колбенхойер Бейжіңде өтетін 2022 жылғы Олимпиада ойындарында командалар санын онға дейін көбейткісі келетінін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Әйелдер арасындағы Олимпиада турнирі 2018 жылғы 10-22 ақпан аралығында өтеді. Турнирге сегіз команда қатысады.

«IIHF Конгресі мамыр айында әлем чемпионатындағы командалар санын 2019 жылдан 8-ден 10-ға дейін көбейту туралы шешімді мақұлдаған болатын. Осы үлгімен біз Бейжіңде өтетін 2022 жылғы Олимпиада ойындарында да командалар санын ұлғайтамыз», - дейді Колбенхойер.