«Ертіс» хоккей командасының ресми сайты клуб құрамында орын алған өзгерістерді жариялап отыр. Анықырақ айтқанда қорғауышы Александр Нурек келісімшартты аяқтап командадан кетті. Ал оның орынын тағы бір қорғаушы Алексей Рыжих басатын болады.

Александр Нурек осы маусымда 28 ойынға қатысып, 8 ұпай жинаған(2 шайба+ 6 пас). Ал Алексей Рыжих «Теміртау» сапында 6 кездесуде мұз айдынына шығып, командаластарының 2 шайба соғуына жағдай жасаған екен.

Павлодарлық команда ел чемпионатында жетінші орында келеді.