«Ливерпуль» жанкүйерлері кеше ғана «Барселонаға» ауысқан Филиппе Коутиньоның жейдесін өртеп жіберді.

Бразилиялық футболшы мерсисайдтықтардың сапында 2013 жылдан бері ойнап келеді. Осы аралықта жергілікті жанкүйерлердің қызу қолдауына ие болған еді. Енді ол каталониялық клубтің ойыншысы саналады. Осыған күйінген бірқанша жанкүйері Коутиньоның 10 номерлі киімін отқа ораған.

Бірақ, бұл «Ливерпуль» жанкүйерлерінің бірінші рет бұлай жасауы емес. 2011 жылы Фернандо Торрес «Челсиге» ауысқанда да осылай наразылық білдерген болатын.