«Ливерпуль» клубының бразилиялық футболшысы Фелипе Коутиньо «Барселона» клубына ауысты.

Ойыншының жалпы трансфер құны 160 миллион еуроны құраған. Бұл футбол тарихындағы ең қымбат ауысымдар тізімінде екінші көрсеткіш.

Келісімшарт бойынша, алғашында «Барселона» 120 миллион еуро аударады. Ал кейін белгіленген талаптар орындалған соң «Ливерпульдің» есепшотына бонус ретінде тағы 40 миллион түспек.

Футбол тарихындағы ең қымбат трансферлер:

1. Неймар — «Барселондан» «ПСЖ-ға» — € 222 млн;

2. Филиппе Коутиньо — «Ливерпульден» «Барселонаға» — € 160 млн;

3-4. Усман Дембеле («Боруссиядан» «Барселонға») және Поль Погба («Ювентустен» «Манчестер Юнайтедке») — € 105 млн;

5. Гарет Бэйл — «Тоттенхэм Хотспурдан» «Реалға» — € 100,8 млн;

Естеріңізге салайық, Фелипе Коутиньо мерсисайдтықтар сапына 2013 жылы миландық «Интердан» 8,5 миллион фунтқа келген болатын. 2017/18 жылғы маусымда Коутиньо «Ливерпуль» сапында 20 ойын өткізген. 12 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.