«Ювентус» командасының шабуылшысы Пауло Дибала Италия біріншілігі аясында өткен «Кальяриге» қарсы матчта ауыр жарақаттанды.

А Сериясының 20-туры аясында өткен ойынның екінші таймында аргентиналық футболшы оң аяғының тізесі ауырғанын айтып, алаңнан кеткен болатын.

Әзірге Дибаланың алған жарақатының қаншалықты ауыр екенін дөп басып айту қиын. Алайда алғашқы тексерістер бойынша футболшыға кемінде 1-2 алаңға шығуға болмайды.