Мысырлық «Аль-Ахли» клубының футболшылары қайтадан жеңіске жету үшін бұқаны құрбандыққа шалып, етін кедейлерге таратып берді. Бұл жайлы BBC News хабарлады.

Құрбандық шалу рәсімі Каирдегі стадионның алдында өтті. Футболшылардың мұндай әрекетке баруына 2016 жылдан бері бірінші жеңілісі себеп болды.