«Астананың» бас бапкері Станимир Стоиловтың агенті Мирчо Димитров клиентінің болашақта мықты ресейлік клубты жаттықытыруы мүмкін екендігін айтты.

– Стоилов – өте мықты бапкер. Оның бір күні ЦСКА, «Зенит» не «Спартак» сынды грандттарды жаттықтыратына сенімдімін. Мен ол клубтарға ұсынысымыды жібердім. Менің клиентімде басқа да ұсынысытары көп. Ол «Астанада» үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ал алда оны таңғажайып мансап күтіп тұр», - деп аенттің сөзін Sportal.bg порталы келтірді.