Ресей жасөспірімдер құрамасының бұрынғы ойыншысы, жасөпірімдер арасындағы Ресей чемпионатының үздік сұрмергені, қазіргі таңда Қырғыстан құрамасының бас бапкері Александр Крестинин sports.ru тілішісіне берген сұхбатында Қырғызстан Аустралия кездесуі және футболдағы қазақ-қырғыз теке-тіресі жайлы айтып берді.

- Сіз бапкерлік еткен Қырғысытан құрамасының Аустралияға қарсы ойынында стадионда тұңғыш рет аншлаг болды. Құраманың бас бапкері бола тұра сіздің жолдасыңыз трибунаға тек екінші таймда кіргені қалай болды?

– Менің балаларым стадионға қақпашылар бапкері Закир Джалиловпен ерте барып еш кедергісіз кірді. Ал жолдасым Бішкекті көремін деп жүргенше стадион адамға толып кетті. Тіпті «инемен шаншитын» жер қалмады. Әйелім Ресей паспортын көрсетіп «мен бапкердің әйелімін!» деп айқай бастапты. Сөйтіп әрең дегенде бір бастықты шақыртып, қалың адамның арасынан өткен. Кейін маған: «Мені өмірімде бұлай умаждап аймалаған емес. Бреуін шапалақпен ұрдым. Басқа не істейсің? Бұл бір сұмдық» деп маған зарын айтты. Сол күні Бішкекке арнайы ұшып келген аустралиялық жанкүйерлер де ойынға кіре алмай кетті. Бір қызығы біз Бангладештен ұшқанда сол жанкүйерлермен Дубайда кездескеніміз бар. Олар менің ойыншыларыма жүгіріп келіп: «Біз сендердің елдеріңе ұшып барамыз. Бізді сендердің мәдениеттерің қызықтырады», ал маған: «Естисің ба, біздің фотоға түсірші» деген еді. Біз ол матчқа түпкілікті дайындалған едік (басшылықты тоғыз мың еуроға instat программасын сатып алуды көндірдім). Мамандар кездесу алдында 0:8 есебімен жеңілісімізді болжаған болатын. Алайда, сәл қалғанда тең ойнар едік. Қақпаға жиырма үш дәл соққы жасағанымен 1:2 есебімен ұтылып қалдық.

- Алайда бір жылдан кейін жеңіске жеттіңіздер...

– Ия, Қырғыстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толғанда Қазақстан құрамасымен күш сынастық. Бұл Ресей – Украина дербиі сынды, көптен күткен айқас болатын. Біз жалпы командаға бес мың доллар сыйақыалсақ, қазақтар әр ойыншыға жеті мың доллардан табыстайтын. Оған қоса біз мықты құрама жинай алмадық. Мен қоманда тізгінін алғанда тек екі легионер болатын. Ал қазыр олардың саны 17 жетеді. Оның басым көпшілігін құрама ойындарына жібермегеніне қарамастан 2:0 есебімен жеңіске жеттік.

Естеріңізге салайық, 2016 жылдың 30-шы тамызыннда Қазақстан құрамасы жолдастық кездесу аясында Қырығыстан командасынан ұтылған болатын.