Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық Дешон Уэбстермен жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

«Мен дайынмын. Қане, бастайық», - деп жазды Ахмедов Instagram-да.

Әли ертең америкалық Раунд-Рокта жартылай ауыр салмақта Уэбстермен жұдырықтасады. Боксшылар WBC тұжырымы бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы атағына таласады.