Белгілі боксшы кіші Флойд Мейуэзер Ресей азаматтығын алғысы келетінін айтты.

40 жастағы боксшы соңғы рет 27 тамызда жекпе-жек өткізіп, UFC чемпионы Конор Макгрегорды оныншы раундта нокаутқа түсірген болатын.

«Ресей азаматтығын аламын деп үміттенемін. Бүгін Ресейде өзіме жаңа үй іздегенмін. Бірақ оның бәріне уақыт керек», - деді боксшы.